Павлодар облысында борышкерлерден 156 млн теңге өндірілді

/
Павлодар облысында борышкерлерден 156 млн теңге өндірілді
istockphoto.com

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Павлодар облысының аумағында прокуратура органдары уәкілетті органдармен бірлесіп «Борышкер» атты ауқымды рейдтік іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың мақсаты — борышкерлерді анықтап, жауапкершілікке тарту, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алу шараларын қамтамасыз ету.

Тек соңғы айдың өзінде 156 млн теңгеден астам қаражат өндіріліп, өндіріп алушыларға 38 бірлік мүлік берілді, 30 автокөлік айыптұрағына қойылды, 23 борышкер жұмысқа орналастырылды, 50 борышкер әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Бекітілген кестеге сәйкес, рейдтік іс-шаралар мен пәтер аралау жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады.

Мемлекет кірісіне төленетін міндеттемелердің және алимент өндірудің орындалу мәселесі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары