Алматыдағы көшелердің бірі бір айға жабылады

/
Алматыдағы көшелердің бірі бір айға жабылады
istockphoto

Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын қайта жаңарту жұмыстары аясында Жексенбаев көшесі уақытша жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Әкімдіктің хабарлауынша, Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын қайта жаңғырту және оның үстіндегі көпірді жаңарту жұмыстарына байланысты Жексенбаев көшесінде (Аханов көшесіне дейінгі учаскеде) автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Экология және қоршаған орта басқармасы өкілдерінің ақпаратына сәйкес, аумақ 2025 жылы 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін уақытша жабылады.

"Жүргізушілерге жұмыс барысында жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерісті ескере отырып, уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, бағытын алдын ала жоспарлауын сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары