Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада алты медаль иеленді

/
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада алты медаль иеленді
Сурет: ҚР Оқу-ағартау министррлігінің баспасөз қызметі

Cочиде өткен жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім додасына әлемнің 21 елінен 120-дан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін сынға салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы алты оқушыдан және үш жетекшіден тұрды. Олар жарыс қорытындысы бойынша 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері:

Ратмир Кутырев – Алматы қаласындағы РФММ 10-сынып оқушысы;

Даниил Перепелица – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы;

Мухаммад Сыздықов – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

Тимур Алпысбаев – Астана қаласындағы "NURORDA" мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

Ерасыл Дүйсенбеков – Абай облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушысы;

Нұрсейіт Сейтқазиев – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары