Президент Шри-Ланкадағы жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандарға көңіл айтты

/
Президент Шри-Ланкадағы жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандарға көңіл айтты
Фото: соцсеть Х/@AzzamAmeen

Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкадағы жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарына көңіл айтты", - деп жазылған Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Шри-Ланкада болған тропикалық «Дитва» циклоны салдарынан 334 адам қаза тапқан еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары