Павлодар облысында малын қараусыз жіберген 2 мыңға жуық адам жауапқа тартылды

/
Павлодар облысында малын қараусыз жіберген 2 мыңға жуық адам жауапқа тартылды
polisia.kz

Павлодар облысында малдарын қарамаған азаматтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түнгі уақытта жолдағы көрінудін нашарлауына байланысты жүргізуші малды алыстан байқамай қалуы мүмкін, әрі көлік белгілі бір жылдамдықпен қозғалғандықтан, дер кезінде әрекет ету қиынға соғады.

– Мал иелерінің өз малдарына жауапсыз қарауы жолдарда ауыр салдарға жиі әкелуде. Биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысының автожолдарында қараусыз жайылған малдың салдарынан 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның нәтижесінде екі адам қаза тауып, 27 адам әртүрлі жарақат алған, – деп мәлімдейді Павлодар облысының ПД қызметкерлері.

Павлодар – Успенка автожолының 58 шақырымында полиция қызметкерлері 16 жылқыны анықтады. Тәртіп сақшылары малдың иелерін анықтап, қараусыз малды айыптұраққа қамады. Ауыл тұрғындарына қатысты тиісті шара қабылданды. Биыл мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 1746 мал иесі жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдары қараусыз мал жаюдың алдын алу бойынша рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді. Осындай құқық бұзушылықтар республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды патрульдеу кезінде де анықталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары