Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды

/
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үшінші орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҰОК 48 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде Әбиба Испания спортшысы Ева Перес Солермен күрескенін атап өтті.

Тартысты белдесуде отандасымыз жеңіске жетті.

Осылайша, Әбужақынова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік, алғашқы жарыс күні финалдық кезеңге тек Әбиба Әбужақынова жетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары