Теннисші Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты

/
Теннисші Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты
olympic.kz

17 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF сериялы турнирінде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екінші айналымда Әмір швейцариялық Ноа Лопеспен кездесіп, 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалда қазақстандық теннисші үндістандық Чираг Духанмен өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, Омарханов бір апта бұрын осы қалада өткен ITF M15 турнирінде жеңіске жетіп, ересектер арасында алғашқы жүлдесін иеленген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары