Ақмола облысында ата-анасын алдаған жігітке қылмыстық іс қозғалды

/
Ақмола облысында ата-анасын алдаған жігітке қылмыстық іс қозғалды
istockphoto

Ақмола облысындағы Қосшы қаласында ата-анасын алдаған 18 жастағы жігітке қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

26 қарашада полицияға Қосшы қаласының 45 жастағы тұрғыны жүгінген.

"Әйел белгісіз адамдар ұлынан 2 миллион теңгеге жуық ақша бопсалап жатқанын айтып шағымданды", - дейді ведомство.

Полиция дереу күдіктіні іздеуге кіріседі. Алайда бозбаланың сөзі ұйқаспай, полицияның күмәнін туғызады.

"Бастапқыда анасы белгісіз біреулер ұлынан үлкен соманы талап еткенін мәлімдеді. Бірақ көп ұзамай жас жігіт полицияға қызы жүкті болып қалып, ақша іздеуге мәжбүр болғанын айтты", - дейді полиция.

Жүкті қызға ақша тауып беру үшін досының қымбат телефонын кепілге қойғанын айтқан. Алайда полиция бозбаланың сөзі жалған екенін анықтаған. Бопсалау да, жүкті қыз да болмаған.

"18 жастағы тұрғын қараша айының басында екі досымен бірге жалға автокөлік алған, ол үшін күн сайын 50 мың теңге төлеу қажет болған. Қарыз өсіп кетеді, бірақ ата-аналарынан жасырады. Ақшаны алу үшін олар әртүрлі сылтау ойлап тапқан. Қазіргі уақытта "Алаяқтық" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Ақмола облыстық полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары