Шымкентте әйел той сыйлықтарын қайтармағаны үшін бұрынғы күйеуін сотқа берді

/
Шымкентте әйел той сыйлықтарын қайтармағаны үшін бұрынғы күйеуін сотқа берді
istockphoto

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы үйлену тойында берілген сыйлықтардың құнын өндіру туралы азаматтық істі апелляциялық тәртіпте қарады.

— Талап қоюшы Ә. бұрынғы жұбайы сыйға тартылған 2 435 000 теңге көлеміндегі мүлікті қайтармай отырғанын айтып, сотқа жүгінген. Бірінші сатыдағы сот талапты толық қанағаттандырып, жауапкерден көрсетілген соманы, 100 000 теңге адвокаттық шығынды және 24 350 теңге мемлекеттік бажды өндіру туралы шешім шығарған, — делінген хабарламада.

Апелляциялық сотта тараптар татуласып, дауды медиация арқылы реттеу туралы келісімге келді. Келісім бойынша:

талап қоюшы өз талабынан бас тартады;

жауапкер екі апта ішінде өзінде сақталған заттардың орнына талап қоюшыға 200 000 теңге төлеуге міндеттенеді.

Сот алқасы медиациялық келісімді бекітіп, істі өндірістен тоқтатты. Бұған қоса, талап қоюшыға алдын ала төленген мемлекеттік баж мемлекеттік бюджеттен қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары