Бозой оңтүстікті газбен толық қамтымақ

Бозой оңтүстікті газбен толық қамтымақ

Бозой оңтүстікті газбен толық қамтымақ
ашық дереккөзі
218
Енді «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді газ құбыры оңтүстіктің көгілдір отынға деген сұранысын толықтай өтейді деп хабарлайды 24.kz. Бүгін «Бозой» компрессорлық станциясында бұрын-соңды қолданылмаған қондырғы іске қосылды. Салтанатты шара «ҚазТрансГаз» компаниясының Астанадағы бірыңғай диспетчерлік пунктінде өтті. «Бозой» компрессорлық станциясында орнатылған жаңа қондырғылар оңтүстік аймақтарға үздіксіз газ жеткізіп, шетелге экспорттауға мүмкіндік береді. Бұл құрылғылардың әлемде баламасы жоқ. Себебі екі бірдей магистральді құбырдан көгілдір отын қабылдай алады. Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы: - Ең алдымен Елбасының тапсырмасын орындау болып саналады. 2011 жылы Елбасы тек қана тапсырма емес, Қытай Халық Республикасының басшысымен келісілген жоба болатын. Енді «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді құбырының газ өткізгіштік қабілеті жылына 6 миллиард текше метрге ұлғаяды. Оның 4,5 миллиарды оңтүстіктің қажеттілігіне жұмсалып, қалғанын экспорттау көзделіп отыр. Жаңа қондырғылардың іске қосылуы – Қытай тарапы үшін де елеулі оқиға. Көрші ел Қазақстанда өндірілген көгілдір отынды импорттап, елді мекендерін қамтамасыз етуге мүдделі. Рустам Сүлейманов, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры: - «Бозой» станциясы заманауи газ жеткізу құралдарымен және back-to-back компрессорларымен жарақталған. Ол арнайы тапсырыспен әзірленген. Әлемде алғаш біз қолданып отырмыз. Алдағы уақытта «Бейнеу – Бозой – Шымкент» құбырының бойында тағы бір компрессорлық станция – «Қараөзек» іске қосылуы тиіс. Сол арқылы жыл сайын 10 миллиард текше метр газ өткізуге мүмкіндік туады. Сәйкесінше орталық және солтүстік аймақтар көгілдір отынмен қамтылып, экспорт көлемі артады.

Серіктес жаңалықтары