Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанмен қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген баспасөз хабарламасында.