Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежінің жүргізушілері жазаланды

/
Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежінің жүргізушілері жазаланды
Видеодан скриншот

Түркістан облысында полицейлер жол ережесін бұзған той кортежін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданы трассаларының бірінде Toyota Land Cruiser, JAC, ВАЗ-2115 және ВАЗ-21099 маркалы көліктердің жүргізушілеріне қауіпті жағдай туғызғаны, жол белгілерінің талаптарын орындамағаны және өзге көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасағаны үшін шаралар қолданылды.

Сондай-ақ құқық бұзушылардан "стробоскоп" құрылғысы тәркіленді. Оларға көлік құралдарына арнайы жарық және (немесе) дыбыс белгі беру құрылғыларын заңсыз орнату, сондай-ақ жедел және қызметтік автокөліктерге арналған түрлі түсті жарқылдауық құрылғысын заңсыз қолдану бойынша әкімшілік шаралар қабылданды.

Көліктер арнайы айыптұраққа қойылды. Полицейлер жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары