Жәнібек Әлімханұлының әйгілі Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

/
Жәнібек Әлімханұлының әйгілі Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі
жеке парақшасынан

7 желтоқсанда WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Эрисланди Ларамен үш белбеуді сарапқа салады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті «Qazaqstan» және  «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен 7 желтоқсан күні таңғы 06:00-де тамашалай алады.

Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық боксшының жекпе-жегі Frost Bank Center аренасында, Техас штатының Сан-Антонио қаласында (АҚШ) өтеді.

Отандасымыз Астанада өткен соңғы жекпе-жегінде Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа жіберіп, өз атақтарын қорғап қалды.

Сонымен қатар жаһан жұрты асыға күткен бокс кешінде кіші Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус арасындағы жекпе-жек өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары