Астанада жоғалып кеткен 14 жастағы қыз өлі табылды

/
Астанада жоғалып кеткен 14 жастағы қыз өлі табылды
polisia.kz

24 қараша күні сағат 21:00-де полицияға қала тұрғыны хабарласып, қызының жоғалып кеткенін айтқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жасөсірім кешкі 18:30-да үйінен шығып кетіп, байланысқа шықпай қойған. Жасөспірімді іздеуге полицияның жеке құрамы, еріктілер және өзге де күштер жұмылдырылды.

«Іздеу шараларының нәтижесінде мектеп оқушысының мәйіті өзеннен табылды. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары