Жамбыл облысында әскери қызметкер басына бөтелке жарам деп жанарын жарақаттады

/
Жамбыл облысында әскери қызметкер басына бөтелке жарам деп жанарын жарақаттады
Видеодан скриншот

Жамбыл облысында 24 жастағы әскери қызметкер басына бөтелке жарам деп жанарын жарақаттады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға ресми ант қабылдау рәсімі кезінде болған. Әскерилер қаз-қатар сапқа тұрып, бастарына бөтелке жарған. Сол сәтте Жақсылық Молдақұлдың трюгі сәтсіз шығып, басынан қан тоқтамай, көзі қарауытқан. Шашылған шыны тіпті оның жанарын тіліп кеткенге ұқсайды.

Ал туыстары болған жағдайдан әскерилер бірде-бір рет хабар бермегенін айтты. Олардың айтуынша, Жақсылықты алдымен Жуалы аудандық ауруханаға апарып, басындағы жарақатын тігіп, кейін облыстық офтальмологиялық орталыққа жеткізген. Дәрігерлер қажетті ем-дом шараларын жасап жатыр.

Ал Жуалы аудандық 97/678 әскери бөліміндегілер сарбаз жараланса да, жұмыстан босатылмайтынын айтты. Тек барлау ротасынан жеңіл қызметке ауыстырмақ.

"Отаның мақсаты – пациенттің ағып кеткен көзінің ішіндегі қабықшаларын жинап, тігіп, көзін мүше түрінде сақтап қалу. Болашақта жарақат алған оң көзі сол көзіне әсер етпес үшін ем жасалып жатыр", – деді облыстық офтальмологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Жансая Сыдықова.

"Мүгедек боп кетті деп айтуға әлі ерте. Өйткені медициналық сараптама әлі өткен жоқ. Ем әлі қабылданып жатыр. Ол әскери қызметкерге көмек көрсетеміз", – деді 91/678 әскери бөлімнің командирі Бауыржан Есалы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары