Қазгидромет 25, 26 және 27 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қарашаның аяғында еліміздің оңтүстігінде жылы әрі шуақты ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +13…+18°С болады.
"Ал солтүстік өңір тұрғындарын жауын-шашын күтіп тұр. Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның солтүстік бөлігіне тез жылжып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, жел және көктайғақ әкеледі", – деді синоптиктер.
Қазгидромет мәліметінше, солтүстік аймақтарда да температура біршама жылы болады: түнде 0…–5°С, күндіз 0…+5°С.