Алаяқ Ақмола облысындағы екі ауыл тұрғындарын 50 млн теңгеге алдап кеткен

/
Алаяқ Ақмола облысындағы екі ауыл тұрғындарын 50 млн теңгеге алдап кеткен

Белгілі журналист, халықаралық «Түркістан» газеті бас редакторының орынбасары Тоқтарәлі Таңжарық әлеуметтік желідегі парақшасында Ақмола облысындағы екі ауыл тұрғындарының алаяққа алданғанын жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Кеңбидайық және Сабынды ауылының тұрғындарының атынан өзін Әлішер деп таныстырған бір адам 50 000 000 (елу миллион теңге) теңгеге кредит рәсімдеген. Kaspi.kz пен Home Credit Bank Kazakhstan-тен заттар алған.  2 миллионнан 7 миллионға дейін. Банктер бұған қалай жол бергені белгісіз.

Әлішер деген жігіт 5-6 ай бұрын ауылға барып, су фильтрі мен массаж аппараттарын "тегін" орнатып берген. Белгілі бір әлеуметтік қордың атынан деп сендірген. Қарашаның 2-сі күні ауылға қайта барып, отчет үшін керек деп, үй иелерін фотоға, видеоға түсірген. Соларды апарғанда банктерден кредитке зат алып, тайып тұрған. Кредитті банктер үй йелерінсіз қалай берген?

Екі ауылдың тұрғындары полицияға барса, олар тексеру керек дегеннен арыға бармаған. Аудандық прокурорлар арыз жазбаңдар, арызсыз да ұстаймыз деген көрінеді. Бұл істеріне ауыл халқы күмәнданып отыр. Айтпақшы, Әлішердің шын аты Шахруқ көрінеді. Түркістан облысының тұрғыны дейді», - деп жазған журналист.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары