Абай облысының полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

/
Абай облысының полициясы жүргізушілерге ескерту жасады
Абай облысының Полиция департаменті

Абай облысында ауа-райы нашарлап, қар жауып жатыр. Оған қоса жаңбыр мен көктайғақ күтілуде. Осыған орай облыстың Полиция департаменті жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Абай  облысының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Өңірдің солтүстік-шығысында қар немесе сулы қар жауады деп болжануда. Желдің күшеюі байқалады, әсіресе ашық аумақтарда. Ауа температурасы түнде нөлге дейін және одан да төменге түседі, күндіз 0…+2 °C шамасында болады», - делінген хабарламада.

Облыс полицейлері елді мекендерден шығаберістерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, трассаларды тексеріп, Омбы – Майқапшағай автожолында жауын-шашынның жаууын тіркеуде.

Ауа райының өзгеруіне байланысты Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауға, жолда барынша мұқият болуға, күрт манёвр жасамауға және аса қажеттілік болмаса, сапардан бас тартуға кеңес береді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары