Қырғызстанда сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздік дайындаған деген күдікпен 10 адам ұсталды.
Олардың ішінде саяси қайраткерлер, экс-депутаттар, бұрынғы мемлекеттік қызметшілер және күш құрылымдарының қызметкерлері бар. Олар арандатушылық пен қақтығыстар ұйымдастыру үшін ұйымдасқан қылмыстық топ пен спорттық қауымдастықтарын тартпақ болған, деп жазды Sputnik Қырғызстан республиканың ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Олар сондай-ақ әкімшілік ғимараттар, телеарналар, күш құрылымдар нысандарын, қару-жарақты басып алуды жоспарлаған, деп хабарлады ведомстводағылар.
Тінту кезінде олардан 150 мың доллар тәркіленді. ІІМ мәліметтері бойынша бұл жоспарды "шет мемлекет азаматтары тарапынан қаржыландырылған", сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілерге де сол жақтан қолдау көрсетілген.
Айта кетейік, Қырғызстанда парламентіне мерзімінен бұрын сайлау 30 қарашада өтеді.