Шығыс Қазақстанда «Гонконг тұмауын» жұқтырғандар саны 25-ке жетті

/
Шығыс Қазақстанда «Гонконг тұмауын» жұқтырғандар саны 25-ке жетті
istockphoto

Шығыс Қазақстан облысында «Гонконг тұмауына» шалдыққандар саны артып келеді.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 63 мыңнан астам адамға ЖРВИ диагнозы қойылған. Бұл көрсеткіш өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 15,9%-ға артып отыр.

- Бүгінде A/H3N2 вирусы, яғни «Гонконг тұмауын» жұқтырғандар саны 25-ке жетті. Оның ішіндегі 10-ы он төрт жасқа дейінгі балалар. Бір жасқа дейінгі сәбилер, жүкті әйелдер немесе екпе алған адамдар арасында тұмаудың бұл түрін жұқтыру жағдайы тіркелмеген, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар облыста риновирус (63 жағдай), бокавирус (1 жағдай), аденовирус (29 жағдай) және басқа да респираторлық инфекциялар тіркеліп жатыр.

Шығыс Қазақстан тұрғындарының 10 пайыздан астамы, нақты айтқанда 77 мың адам тұмауға қарсы вакцина салдырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары