Тоқаев Silk Way Star халықаралық жобасының қатысушыларын құттықтады

/
Тоқаев Silk Way Star халықаралық жобасының қатысушыларын құттықтады
Фото: әлеуметтік желіден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Silk Way Star халықаралық жобасының қатысушыларын құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Silk Way Star Азия елдерінің рухани ықпалдастығын нығайтып, халықтарымыздың достығын бекемдей түсетін бірегей бастама екенін атап өтті.

"Silk Way Star – мәдени дипломатияның айқын көрінісі, ұлттарымыздың салт-дәстүрі мен шығармашылығын паш ететін тамаша жоба. Осындай ауқымды іс-шаралар ынтымағымызды күшейтеді, ортақ құндылықтарымызды жан-жақты дәріптейді.Теңдессіз жобаны табысты жүзеге асыруға мол үлес қосқан China Media Group медиакорпорациясына шынайы ризашылығымды білдіремін", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея елдерінен келген дарын иелері өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, миллиондаған көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп отыр.

Silk Way Star – Орталық Азия, Кавказ және Қытай әншілерінің қатысуымен өтетін алғашқы бірлескен музыкалық жоба. Жобаға байқау әндері, шоу және гала-концерт кіреді. Қазақстанның атынан әнші ALEM төнер көрсетеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары