Астанада құрылысшылар бесінші қабаттан құлап кетті

/
Астанада құрылысшылар бесінші қабаттан құлап кетті
istockphoto

Астанада үш құрылысшы бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Үш бірдей құрылысшы бесінші қабаттан құлап кеткен.

"Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция.

Зардап шеккен үш құрылысшы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Құлаған құрылысшылардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Sputnik Қазақстан тілшісіне берген мәліметі бойынша, жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың жағдайы тұрақты ауыр. Бір науқас жалпы бөлімде ем алып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары