Абай облысында 171,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

/
Абай облысында 171,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
istockphoto

Абай облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары биыл ерекше қарқынмен жүргізіліп, жылдық жоспар толық әрі мерзімінен бұрын орындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылға бекітілген жоспар 170 мың гектар болса, жыл басынан бері облыс әкімдігінің ведомстволық жұмыс тобы 171,2 мың гектар жерді мемлекетке қайтарып, жоспарды 101% орындады.

171,2 мың гектар жердің 151,5 мың гектары – жайылым, 10,7 мың гектары – егістік, 9,1 мың гектары – өзге санаттағы жерлер.

Өңірде жүргізіліп жатқан бұл жұмыстың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған жерлерді қайтадан экономикалық айналымға енгізу, тиімділігін арттыру және жер ресурстарын басқаруға қатысты ашықтықты қамтамасыз ету.

Жоспардың мерзімінен бұрын орындалуы – облыстық Жер ресурстарын басқару департаменті мен облыс әкімдігінің жүйелі жұмысының нәтижесі. Қайтарылған жерлер алдағы уақытта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жаңа жобаларды іске асыруға және өңірдің аграрлық әлеуетін арттыруға пайдаланылатын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары