Қостанайда бюджеттен 45 млн теңге алған мердігер өз міндеттерін орындамаған

/
Қостанайда бюджеттен 45 млн теңге алған мердігер өз міндеттерін орындамаған
istockphoto.com

Қарасу ауданында 2023 жылдың қазан айында уәкілетті орган мердігер ұйыммен Степное ауылындағы гидротехникалық құрылысты қайта жаңғыртуға 156 миллион теңге сомасына шарт жасасқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мердігерге 45 млн теңге аванс төленген. Алайда міндеттемелер орындалмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сотқа өтелмеген авансты өндіріп алу туралы талап қойылып, ол толық көлемде қанағаттандырылды.

Бүгінгі таңда мемлекет кірісіне 15 миллион теңге қайтарылды.

Қалған сома сот шешімімен 2025 жылдың қазан айынан бастап 16 ай ішінде кезең-кезеңімен қайтарылуға жатады.

Жауапты лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауаптылыққа тартылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары