Астанада ер адам жеңілдетілген кредит рәсімдеуге көмектесемін деп 16 адамды алдап соққан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, залалдың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асқан.
"Жеңілдетілген кредит алуға уәде берген алаяққа азаматтар бір ай бойы ақша аударған", - деп жазылған хабарламада.
Ол өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.Келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура қырағылық танытып, ресми ақпарат көздері арқылы ақпараттың дұрыстығын тексеру қажеттігін еске салды