Мариан Журавлева Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды

/
Мариан Журавлева Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды
Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Мариан Журавлева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық спортшы 70 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Бұл салмақта турнир айналмалы жүйе бойынша өтті. Журавлева үш кездесудің үшеуінде де жеңіске жетті.

Ол марокколық Ясмин Арбибтен, палестиналық Дания Убайдтан және ирандық Хасти Хаммудиден басым түсті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары