Абай облысында банкке 8 миллион теңгеден астам қарызы бар борышкердің автокөлігі айыптұрағына қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Абай облысының полицейлері жеке сот орындаушымен бірлесіп, Семей қаласының 29 жастағы тұрғынына қатысты өндіріп алу өндірісін қамтамасыз етті. Ол қаржы ұйымы алдында 8 000 000 теңгеден астам берешек жинақтаған.
Атқарушылық іс-шаралар шеңберінде сот орындаушысы борышкердің көлік құралын тәркілеу туралы қаулы шығарды. Автокөлік патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен «Қорғау» ақпараттық жүйесі арқылы анықталды.
Көлік құралы тәркіленіп, арнайы айыптұрағына қойылды. Борышкерге заң талаптары мен сот шешімін одан әрі орындау тәртібі түсіндірілді.
Абай облысының полициясы азаматтарды қаржы және несие ұйымдары алдындағы міндеттемелерді уақытылы орындауға шақырады.