«Бидай басып қалған»: Солтүстік Қазақстанда қамбарға құлаған келіншек көз жұмды

/
«Бидай басып қалған»: Солтүстік Қазақстанда қамбарға құлаған келіншек көз жұмды
pixabay.com

Ақжар ауданында элеваторлардың бірінің аумағында 1991 жылы туған әйел шамамен 30 метр биіктіктегі астық қоймасына құлап кеткен. Оны бірден бидай басып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырған. Мамандар зардап шегушіні іздеуге кірісті. Алайда әйелді тапқанда, ол көз жұмған.

«Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары