Қазіргі уақытта Булаев топтық су құбырын қайта құру, Ақжар және Тайынша аудандарының елді мекендеріне су желілерін салу аяқталды. Салынған құбырлардың жалпы ұзындығы 290 шақырымнан асады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көкшетау топтық су құбырына жалғасатын Шал ақын және Айыртау аудандарының 24 ауылын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырының құрылысы аяқталуда.
Бұл жобаларды жүзеге асыру қадағалау органының бақылауында.
Атқарылған жұмыстардың арқасында 22 мыңнан астам ауыл тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізе алады, бұл облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.
Облыс прокуратурасы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік жобалардың орындалу барысын бақылауды жалғастыруда.