Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ислам Евлоев Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жерлесіміз 87 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті.
Ислам шешуші белдесуде биыл 82 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған ирандық Голамреза Фарохимен күш сынасты.
Фарохи ақтық сында 6:0 есебімен жеңіске жетті. Евлоев жарысты күміс жүлдемен аяқтады.