Қостанай облысының прокуратурасы ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасау және оларды одан әрі өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тергеу барысында Әулиекөл ауданының аумағында тұратын ерлі-зайыптылар 2024 жылғы желтоқсан мен 2025 жылғы тамыз аралығында өз үйлерінде түрлі-түсті принтерді пайдалана отырып, кейіннен ақшалай сыйақыға сатылатын 1-нысанды (мал мен ет өнімдерін тасымалдау құқығын білдіретін) ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасағаны анықталды.
Олардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі бойынша, атап айтқанда, алдын ала сөз байласу бойынша топпен бірнеше рет жасалған ресми құжатты қолдан жасау және өткізу бойынша сараланған.
Баптың санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Қылмыстық іс Әулиекөл аудандық сотына жолданды.