Қазақстан хоккей құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

/
Қазақстан хоккей құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды
Olympic.kz

Талғат Жайлауов Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазіргі таңда ұлттық құрама 20-23 қараша аралығында Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатыр.

Сондай-ақ бапкерлік штабқа "Номад" клубының бас бапкері Константин Пушкарёв, "Торпедо" бас бапкері Андрей Корабейников және "Номад" қақпашылар маманы Александр Кудрявцев енді.

Талғат Жайлауов қазір "Барыс" клубының жаттықтырушылар штабында қызмет етеді. Бұған дейін ол бұл қызметте 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қазанына дейін жұмыс істеген.

Сондай-ақ ол 2024 жылғы Олимпиадалық іріктеу турнирінде, 2025 жылғы Азия чемпионатында және 2025 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құраманың бас бапкерінің көмекшісі болды.

Хоккейші ретінде Жайлауов жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрамалар сапында ойнаған. Ересектер құрамасында 2006 жылы дебют жасап, 9 әлем чемпионатына, үш олимпиадалық іріктеу турниріне және 2007, 2011 жылдардағы Азия ойындарына қатысты.

IIHF аясында 59 ресми матч өткізген. Әр жылдары өзі түлеп ұшқан клубы "Қазцинк-Торпедо", "Барыс" және "Номад" командаларында ойнады. Ойыншы ретіндегі мансабын 2020 жылы Қарағандының "Сарыарқа" клубында аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары