Көкшетауда мұз астына түсіп кеткен үш баланы құтқарып үлгерген ер адам марапатталды.
2016, 2017 және 2018 жылы туған үш бала Қылшақты өзенінің жұқа мұзында ойнап жүріп, мұздың астына түсіп кеткен. Мұны сол сәтте жақын маңайда болған куәгер көріп қалған. Ол балаларды дер кезінде құтқарып, оларды келген жедел жәрдем бригадасына тапсырған.
"Балық аулаудан қайтып келе жатқанымда кішкентай балалар бірінен кейін бірі мұз астына кетіп бара жатқанын өріп қалдым. Барынша мұзды бұзып, балаларды мұзды судан алып шығуға тырыстым", - дейді Сергей Цупкин.
Балалар тоңып үлгермеген, медициналық тексеруден кейін амбулаторлық емге жіберілген.
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті балаларды аман алып қалған ер адамға алғыс айтып, естелік сыйлықтарды табыстады.