Малайзияда салмағы 60 келі жылан тұрғын үйдің ішінен табылды

/
Малайзияда салмағы 60 келі жылан тұрғын үйдің ішінен табылды

Малайзияда бір отбасы өз үйінде жасырынып жатқан 60 келілік жылан тауып алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайтты15 жастағы қыз мектептен келген бетте байқаған. Жылан дәретхананың төбесінен құлай бастаған.

Оқиға орнына шақыртылған азаматтық қорғаныс қызметінің мамандары жыланның алып денесіне таңғалған. Қыздың анасының айтуынша, питон соншалықты үлкен болғандықтан, оны анакондамен салыстырған.

Оқиғадан кейін үй мұқият тазартылып, жыланның иісі жойылды. Отбасының пайымдауынша, жылан бақтан үйге ашық тұрған есік арқылы кіріп кеткен.

Жылан сәтті ұсталғанымен, отбасы мүшелері оқиғадан кейін әлі де дәретхананы пайдалануға қорқып жүр. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары