Жеңіл атлет Ирина Сизова Ислам ынтымақтастығы ойындарында төртінші орынға тұрақтады

/
Жеңіл атлет Ирина Сизова Ислам ынтымақтастығы ойындарында төртінші орынға тұрақтады
olympic.kz

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңіл атлетика жарыстары басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйелдер арасында биіктікке секіру сайысында қазақстандық Ирина Сизова медальға бір қадам жетпей қалды.

Сизова үздік мүмкіндігінде 1,77 метр нәтижесін көрсетіп, төртінші орынға табан тіреді.

1,84 метр нәтижесін көрсеткен өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева жеңіске жетті. Екінші орынға Гвинея спортшысы Фатумата Баллей (1,84 метр) тұрақтады. Ал үздік үштікті 1,81 метр нәтижесімен Валерия Горбатова (Өзбекстан) түйіндеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары