Агрессив жасөспірімдер қатарластарына қарағанда тез қартаяды – 17 жылдық зерттеу нәтижесі

/
Агрессив жасөспірімдер қатарластарына қарағанда тез қартаяды – 17 жылдық зерттеу нәтижесі
сурет: istockphoto.com

Вирджиния университетінің ғалымдары жүргізген ұзақмерзімді зерттеу агрессив мінез-құлықтың адамды ерте қартайтуы мүмкін екенін дәлелдеді. 13 жасында ашушаң, қақтығысқа бейім және қарым-қатынаста қиындық көретін жасөспірімдер 30 жасқа келгенде биологиялық тұрғыдан өз құрдастарынан әлдеқайда үлкен көрінеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Психология профессоры Джозеф Алленнің жетекшілігімен 1998 жылы басталған зерттеу 17 жылға созылып, 123 адам мен олардың ата-аналары мен достарының қатысуымен өтті. Ғалымдар қатысушылардың агрессия деңгейі мен денсаулық көрсеткіштерін, қан қысымын, холестерин мен қант мөлшерін, қабыну белгілерін және ақуыз деңгейін жүйелі түрде өлшеп отырған.

Нәтижесінде агрессив мінез көрсеткендердің ағзасы жүйке және жүрек-қантамыр жүйелерінің тұрақты кернеуінен тез тозатыны анықталды. Яғни, ашулану мен ұрыс-керіс тек әлеуметтік қатынастарға емес, сонымен қатар жасушалық қартаю процесіне де әсер етеді.

Профессор Алленнің айтуынша,

«Бұл көрсеткіш адамның қанша өмір сүретінін және денсаулығының ұзақ мерзімде қандай болатынын дәл болжай алады».

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары