ҰҚК 15 адамды тұтқындап, 622 келі есірткі тәркіледі

/
ҰҚК 15 адамды тұтқындап, 622 келі есірткі тәркіледі
ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың қазанынан есірткі саудасының жолын кесуге қатысты 10 операция жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нәтижесінде есірткіні жеткізудің 3 халықаралық және 3 аймақтық арнасы, сондай-ақ жасырын зертханасы мен есірткі плантациясы жойылды.

Заңсыз айналымнан 622 кг есірткі, соның ішінде психотроптық заттар, гашиш және марихуана тәркіленді.

Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен соттың санкциясымен 12 Қазақстан азаматы мен 3 шетелдік қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары