Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз 500 метр қашықтықта күміс медальға ие болды. Кошкин жарысты 33.67 нәтижесімен аяқтап, жеке көрсеткішін жаңартты.
Бірінші орынды нидерландтық Йеннинг Де Бу (33.63) жеңіп алды. Оңтүстіккореялық Юн Хо Ким 33.78 көрсеткішімен үшінші болды.