Ақмола облысының Целиноград ауданының Ынтымақ ауылында 14 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қылмыс жасағаннан кейін ер адам қашып кетпек болған, алайда жедел іздестіру шаралары барысында қолға түсті. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, ауыл тұрғыны пышақ жарақаттарынан көз жұмған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеу аясында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеудің барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.