Астанада жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды

/
Астанада жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды
Әлеуметтік желіден

Астанада 11 қарашада хабар-ошарсыз кеткен 20 жастағы Темірхан Темірлан өлі күйінде табылды. Бұл туралы ақпаратты волонтерлер таратты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Марқұмның денесі қалай табылғаны әзірге жарияланбады.

Іздестіру жұмыстарына қатысқан еріктілер оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты ашып айтылмайтынын атап өтті.

Волонтерлердің мәліметінше, Темірхан Темірлан 11 қараша күні сағат шамамен 15:00-де Жұмабаев көшесі, 4-үйдегі жатақханадан белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Соңғы рет көргендер оның келесі киімде болғанын айтады: сарғыш түсті сырт киім, қара джинсы, қара баскиім.

Іздестіру кезінде жігіттің сырт келбеті төмендегідей сипатталған: бойы – 175 см; дене бітімі – орташа; шашы – қара, қысқа; ерекшеліктері – ернінде және бетінде меңдері бар

Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары