Қазгидромет 17 қарашада ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.
Республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронтальды учаскелер өтетін республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі, солтүстік-батыста қарлы боран соғады.
Республика бойынша тұман күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.