Атырау облысында жанармай бекетінде автобус өртеніп кетті

/
Атырау облысында жанармай бекетінде автобус өртеніп кетті
ТЖМ

Атырау облысында жанар-жағармай май құю бекетінде автобус өртке оранды. Құтқарушылардың арқасында өрт қысқа мерзімде сөндіріліп, оқиғадан зардап шеккендер болмады, деп ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға бүгін, 16 қарашада Атырау облысы Доссор кентіндегі жанармай бекетінің аумағында орын алған. Оқиға туралы дабыл 112 пультіне келіп түсті, тез арада ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді.

"Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдары арқасында жанармай құю станциясына оттың одан әрі таралуының алдын алды. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді", - делінген министрлік хабарламасында.

Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары