Камила Аймұқашева Ислам ынтымақтастық ойындарында қола медаль жеңіп алды

/
Камила Аймұқашева Ислам ынтымақтастық ойындарында қола медаль жеңіп алды
Фото: Спорт комитеті

Қазақстандық таэквондошы Камила Аймұкашева Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы 57 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Финалда ол гамбиялық Мария Марчлинскимен кездесті. Матч 2:1 есебімен аяқталды.

VI Ислам ынтымақтастық ойындарының ашылу салтанаты 7 қарашада Эр-Риядта өтті. Қазақстан құрамасының намысын 100-ден астам спортшы қорғап жатыр.

Сауд Арабиясы алтыншы Ислам ынтымақтастық ойындарын қабылдауда. Бұл ірі спорттық шара бұған дейін Меккеде (2005), Палембангта (2013), Бакуде (2017) және Коньяда (2021) өткен болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары