Ақын Күләш Ахметова өмірден өтті

/
Ақын Күләш Ахметова өмірден өтті

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметова бақилық болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қаралы хабар жайында Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметованың өмірден өтуіне байланысты отбасы мен жақындарына, күллі әдеби қауымға, туған халқына қайғыра көңіл айтады. Күләш Ахметова – өзінің нәзік лиризмімен, азаматтық асқақ үнімен, ұлттық руханиятқа сіңірген өлшеусіз еңбегімен қазақ поэзиясында айрықша із қалдырған тұлға. Қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған ақынның әр жылдары жарық көрген «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ – жаздың жүрегі» секілді жыр жинақтары оқырман жүрегіне жол тауып, бірнеше буынның эстетикалық талғамын қалыптастырды. Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан ақынның жарқын бейнесі, ұлтқа сіңірген еңбегі мен рухани мұрасы халқының жадында мәңгі сақталады. Өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасы жас ұрпақ үшін үлгі болып қала береді. Марқұмның топырағы торқа, иманы жолдас болсын", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары