Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі Айбар Қайым Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстандық спортшы қылыш қаруымен айқасудан өткен жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Финалда Қайым венгриялық Кенде Фодорды 15:12 есебімен жеңді.