Шымкент полициясы видео түсіру үшін 12 қабатты үйдің шатырында дрифт жасаған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жас жігіт автокөлікті кранмен 40 метрге көтеріп, шатырға шығарып, қауіпті маневрлар жасаған. Бұл видео әлеуметтік желіде тараған.
Полиция заң бұзған жігіттің кім екенін анықтады. Оған әкімшілік хаттама толтырып, автокөлігі айып тұрағына қойылды.
Құқық қорғаушылар мұндай трюктердің адам өміріне қауіпті екенін, лайк үшін мұндай қателікке баруға болмайтынын ескертеді.