Қарағандыда жұмыс орнында ес-түссіз табылған полицей ауруханадан шығарылды

/
Қарағандыда жұмыс орнында ес-түссіз табылған полицей ауруханадан шығарылды
istockphoto.com

Карағандыдағы тірек пунктінде ес-түссіз күйде табылған полицей ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Ол 23 қазанда шыққан.

«Енді учаскелік полицей жұмыссыз. Михайлов полиция бөлімінің бастығының бұйрығымен ол теріс себептер бойынша қызметтен босатылды. Қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, қазіргі уақытта учаскелік полицей бұл істе – қорғануға құқығы бар куәгер», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1 қазанға қараған түні Карағандыдағы полицияның бір тірек пунктінен әйелдің денесі табылған. Сол жерде ес-түссіз жатқан полиция қызметкері де болған – оны медициналық мекемеге жеткізді.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Саденов бұл жағдайды «масқара» деп бағалаған.

Кейін марқұмның төрт жасар ұлы қалғаны белгілі болды. Алдын ала ақпарат бойынша, әйел мен полиция қызметкері белгісіз заттан уланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары