Ақтөбеде оннан астам адамды алдап, 100 млн теңге алған алаяқ ұсталды

/
Ақтөбеде оннан астам адамды алдап, 100 млн теңге алған алаяқ ұсталды
polisia.kz

Ақтөбеде оннан астам тұрғынды алдап, 100 млн теңгені жымқырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Тергеу барысында көрші облыстың тұрғыны пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп бір жыл ішінде оннан астам ақтөбелікті алдап, олардың қаражатын иемденгені анықталды.

Күдікті жәбірленушілерден алдын ала төлемді қолма-қол алып, кейін оларға хабарласуды тоқтатқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 100 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары