Мәскеуде қол қойылған әр құжат – болашаққа бағытталған нақты қадам – Бибігүл Жексенбай

/
Мәскеуде қол қойылған әр құжат – болашаққа бағытталған нақты қадам – Бибігүл Жексенбай

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды. Екі ел Президенті жүргізген келіссөз аясында 13 құжатқа қол қойылды. Мәжіліс депутаты Бибігүл Жексенбай бұл құжаттардың болашаққа бағытталған нақты қадам екенін айтады.

«Кейде саясат пен тарихты түсіну үшін үлкен сөздердің қажеті жоқ. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кремль төрінде айтқан бір ауыз сөзі бәрін түйіндеді: «Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі». Бұл – дипломатиялық әсем тіркес емес, тағдырдың шындығы. Тарих бізді бір өзеннің екі жағасына орналастырып, бір аспанның астында өмір сүруге жазған. Қиын жылдарда да, бейбіт күндерде де біз бір-бірімізбен қатар жүрдік. Бүгін сол сабақтастық жаңа мазмұнға ие болып отыр. Қол қойылған 13 құжаттың әрқайсысы – болашаққа бағытталған нақты қадам: экономика мен көлік, ғылым мен экология, қауіпсіздік пен білім саласындағы ынтымақтастық. Бірақ олардың ең бастысы – сенім. Сенім болмаса, ешбір келісім өміршең болмайды. Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс – географияның ғана емес, уақыттың да аманаты. Көрші елмен достық қарым-қатынас орнату – бұл саясат емес, бұл өмірдің заңы. Өйткені көршіңмен тату болмасаң, өз үйіңде де тыныштық болмайды. Біздің елдің сыртқы саясатының мәні де осында – теңдік пен сыйластыққа негізделген бейбіт көршілік. Құдай қосқан көршімен арадағы бүгінгі байланыс – өткенге құрмет, болашаққа жауапкершілік», – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары