Қазақстанда 20 градус аяз болады

/
Қазақстанда 20 градус аяз болады
istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктері 13, 14 және 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдағы күндері Қазақстан аумағының көп бөлігі Атлант мұхиты аймағынан келген циклонның ойысы мен соған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжануда.

«Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, ал шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде — төменгі боран күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — делінген хабарламада.

Ауа температурасы уақытша төмендейді деп күтіледі:

Қазақстанның солтүстігінде түнде −5…−12°, күндіз 0…−6° аяз;

Солтүстік-батыста түнде −2…−10°, күндіз 0…−5° аяз;

Орталықта түнде −3…−13°, күндіз −6° аяздан +3° жылылыққа дейін;

Шығыста түнде −8…−20°, күндіз 0…−10° аяз.

Елдің қалған аумақтарында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді, деп атап өтті синоптиктер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары